Германияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Германияда бүгін кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Саяси додаға 30-ға жуық партия қатысып жатыр. Ең көп дауыс жинағаны канцлер лауазымына өз кандидатурасын ұсынады. Сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғандай, «Христиан-демократиялық одақ» пен «Христиан-әлеуметтік одақ» партияларынан құралған блоктың жеңіске жету мүмкіндігі мол. Бірлестік неміс елі экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, салық бойынша жеңілдіктер жасаймыз деп отыр.

Айта кеткен жөн, бірнеше ай бұрын қазіргі канцлер Олаф Шольцқа сенімсіздік вотумы жарияланған еді. Өйткені басқарушы коалиция бюджет бойынша бір мәмілеге келе алмады. Сондықтан кезектен тыс сайлау өткізу шешімі қабылданған. Олаф Шольцтың социал-демократиялық партиясы да бүгінгі сайлаудан тыс қалған жоқ.

Блиц 1:

- Бізге өзгеріс қажет. Еліміз дағдарыста. Содан халық қиналып отыр. Өзгерістер болса, тұрғындардың өмірі де жақсаруы мүмкін.

Блиц 2:

- Кейбір салада реформа қажет екені сөзсіз. Бастысы демократиямыз бен саяси ұстанымдарымыз өзгермесе болды.