Болгария тұрғындары ұлттық валютаның ауысқанын қаламайды
Болгария астанасында ереуіл соңы қақтығысқа ұласып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды 24kz.
Қамауға алынғандар да бар.
Наразылық акциясына мыңдаған адам қатысқан. Жұрт биліктің қазіргі ұлттық валюта – левті еуроға ауыстыру шешімімен келіспейді. Өйткені бұл бағаның күрт өсуіне әкеп соқтыра ма да деп алаңдайды. Ашуға булыққан тұрғындар Еуроодақ өкілдігіне басып кірмек болып, оның есігін өртеген. Ғимаратқа жарылғыш заттар лақытырған. Сондай-ақ орталық банк алдында да ереуіл ұйымдастырған. Негізі Болгария былтыр Еуроаймаққа қосылу керек еді. Бірақ саяси тұрақтсыздыққа байланысты шешім кейінге қалды. Енді мемлекет бірыңғай валюталық одаққа келер жылы кіреді деп жоспарланып отыр.