Германияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті

Германиядағы кезектен тыс өткен парламент сайлауында «Христиан-демократиялық одақ» пен «Христиан-әлеуметтік одақ» партияларынан құралған блок басым түсіп тұр.

Экзит-полл нәтижесі бойынша сайлаушылардың 30 пайызы одақтастарды қолдаған.

Олар экономиканы күшейтіп, салық бойынша жеңілдіктер жасаймыз деген. "Германияға үшін балама" атты әсіре оңшыл партия екінші, ал қазіргі канцлер Олаф Шольцтың "Социал-демократиялық партия" тарихтағы ең нашар көрсеткішпен үшінші орынға табан тіреді. Шольц жеңілісін мойындап үлгерді. Жалпы саяси додаға 30-ға жуық партия қатысқан. Айта кеткен жөн, бірнеше ай бұрын қазіргі канцлерге сенімсіздік вотумы жарияланған еді. Өйткені басқарушы коалиция бюджет бойынша бір мәмілеге келе алмады. Сондықтан кезектен тыс сайлау өткізу шешімі қабылданған. 

Фридрих Мерц, «Христиан-демократиялық одақ» жетекшісі:

"Бізге жеңіске жеттік. Өйткені біз "Христиан-демократиялық одақ" пен "Христиан-әлеуметтік одақ" партиялары қоян-қолтық жақсы жұмыс істедік. Ендігі міндетіміз - шапшаң әрекет етуге қабілетті және парламенттік көпшілікке ие үкімет құру. Өз ішімізде тез жинақталып, Еуропаға ықпалымызды арттыруымыз керек. Бүгін түні бойы тойлаймыз, ертеңнен бастап бірден іске кірісеміз."