Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы босқындар лагерінде қалады

Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы босқындар лагерінен әлі бір жыл кетпейді.

Мұнда қазір бейбіт тұрғындар жоқ. Бұл жерден 40 мыңдай адам эвакуацияланған. Олардың кері қайтуына рұқсат жоқ. Енді еврей елінің әскерилері маңайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өткен аптада Иордан өзеннің батыс жағалауында Израиль әскерінің ауқымды операциясы басталған еді. Кейінгі 23 жылда өңірге алғаш рет танкілер кірген.