АҚШ-та он мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды

Американдық мемлекеттік қызметкерлер кейінгі бір аптада жасаған жұмысы туралы есеп беруі керек.

Әйтпесе қызметінен босатылады. АҚШ-тың мемлекеттік басқару тиімділігі депаратментінің басшысы Илон Маск осындай ескерту жасады. Бұл бөлімше бір ай бұрын құрылған. Сол уақыт ішінде 10 мыңнан аса адам жұмыстан шығарылды. Көбі сынақ мерзімінде жүрген қызметкерлер. Таяуда департамент Пентагонда тексеру жүргізген. Енді соның қорытындысы бойынша осы аптада 5 жарым мыңдай адам қызметінен босатылады да, жаңа адамдарды жұмысқа қабылдауға уақытша тыйым салынады.