Bybit хакерлерді табуға көмектескендерге $140 млн сыйақы төлейді

«Байбит» криптобиржасын бұзған хакерлерді тауып бергендерге 140 миллион долларға дейін сыйақы береді.

Бұл ұрланған соманың 10 пайызы. Бірнеше күн бұрын қаскөйлер платформадан бір миллиард 400 миллионды шешіп алған еді. Бұл тарихтағы ең ірі киберқылмыстың бірі болды. Бірақ биржа директоры клиенттерге алаңдауға негіз жоқ дейді. Хакерлер табылмаса, шығынды өз активтері есебінен жабатынын айтады. Қазір "Байбит" активтерінің көлемі 20 миллиард АҚШ доллардан асады.