Күнде күшті жарқыл болды

Күннің бетінде күшті жарқыл болған.

23 минутқа созылған құбылыс Х класс деп аталады. Бұл туралы Ресейдің Федоров атындағы Қолданбалы геофизика институты хабарлады. Мұндай жайт 2 жарым айдан кейін екінші рет қайталанып тұр. Ғалымдар биыл күн бетінде белсенділік артады деп болжайды. Соның нәтижесінде 115 дақ пайда болып, Жерде магниттік дауыл көбеюі мүмкін. Олар жанды дүниеге әсер етпейді, бірақ радио мен жерсеріктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.