АҚШ-та боран мен аяз салдарынан 21 адам қайтыс болды
АҚШ-тың оңтүстік-шығысында боран салдарынан қайтыс болғандар саны 21 адамға жетті.
Құрбандардың жартысы аязда үсіп өлген. Аймақта 2 аптадан бері қар аралас жаңбыр жауып, тасқын тудырды. Бәрінен де Кентукки, Джорджия, Батыс Виргиния мен Теннесси штаттары қатты зардап шегіп, 80 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. Үлкен су жолдарды шайып, ғимараттар мен көпірлерді қиратты. Тұрғындар қауіпсіз жаққа көшіріліп, қонақ үйлер, мектептер мен шіркеулерге уақытша орналастырылып жатыр.