Бразилиядағы қала жерге жұтылып барады
Бразилияның Буритикупу қаласы жерге жұтылып барады.
Жиі жауатын жаңбыр салдарынан елдімекен топырағы үгітіліп, үлкен жырықтар мен шұңқырлар пайда болған. Бұл аймақта қалың орман болған. Оның біраз ағашы оталып кеткен. Билік экологиялық апатқа байланысты төтенше жағдай жариялады. Үкімет 200 мыңға жуық адам үйсіз қалғалы тұр дейді. Негізі қаладағы жердің опырылуы 30 жыл бұрын байқалған. Бұған дейін 70 баспана жер астына кетті. Жалпы қалада 55 мыңға жуық адам тұрады.