Римде БҰҰ-ның COP16 конференциясы басталды

Бүгін Италия астанасы Римде БҰҰ-ның COP16 конференциясының жұмысы қайта жанданды. Сессиялар 27 ақпан дейін жалғасады.

Үш күн бойы 200-ге жуық елден жиналған делегаттар экожүйелердің нашарлауын тоқтату жолдарын талқыға салады. Соның ішінде басты назар Куньмин-Монреаль жаһандық бағдарламасының биоәртүрлілік саласын қаржыландыруға аударылмақ. Ол 2030 жылға дейін жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып кетуін тоқтатуға бағытталған 23 мақсаттан тұрады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында Колумбияның Кали қаласында COP16-ның бірінші кезеңі өтті. Кездесу қорытындысы бойынша үш жаңа келісімшартқа қол қойылды.