Газада мыңдаған адам суықтан қиналып жатыр

Нөсер жаңбыр мен суық ауа райы Газаның солтүстігіндегі жүздеген мың тұрғынның өмірін қиындатып жатыр. Себебі Израильдің шабуылдарынан үйсіз қалған азаматтар шатырларда күн бағуға мәжбүр. Оның өзі жарамсыз күйге түскен. Бұған қоса көбінде жылы киім жоқ. Ал аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу тоқтап қалған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтардан бастап жарты миллионнан аса палестиналық Газаның солтүстігіне оралды.