Гонконг ғалымдары жылдам қозғалатын дрон құрастырды
Гонконг ғалымдары жылдам қозғалатын ұшқышсыз шағын дрон құрастырып шығарды. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді.
Жасанды интеллектінің көмегімен 70 метр қашықтағы кез келген кедергіні танып, оны айналып өтеді. Бұл қызметі құрылғының қауіпсіз ұшу бағытын алдын ала айқындап береді. Яғни қарапайым дронға қарағанда соқтығысу қаупін 36 есе азайтады. Келешекте мұндай технология құтқару және инфрақұрылымды тексеру жұмыстарында кәдеге жарауы мүмкін.
Жэнь Юнфань, Гонконг университетінің профессоры:
- Жоғары жылдамдыққа, қауіпсіз өнімділікке ие мұндай дрондарды медицинада, жүктерді тасымалдау ісі мен іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға болады. Өйткені осындай операция кезінде уақыт шешуші рөл атқарады. Сөйтіп оқиға орнына жылдам жету арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады. Сондай-ақ шағын дрон уақытты үнемдеп, еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді.