БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина бойынша қарар қабылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы қарулы қақтығысты реттеу бойынша кейінгі 3 жылда алғаш рет қарар қабылдады. Мәтінді АҚШ ұсынған. Құжатты 10 ел, оның ішінде Ресей қолдады.

Ұлыбритания, Франция, Дания, Грекия мен Словения қалыс қалды. Қауіпсіздік кеңесінің ешбір тұрақты мүшесі вето қою құқығын қолданған жоқ. Қарар Ресей мен Украина арасындағы ұрыс қимылдарын тоқтатып, бейбітшілік орнатуға үндейді. Қауіпсіздік кеңес еуропалық елдердің де, Ресейдің де ұсыныстарын мақұлдамады.