Испанияда бадам ағаштары ерте бүршік жарды

Испанияда климат өзгерді. Елдің солтүстік-шығысында бұл мезгілде айрықша суық болатын. Қар жауып, қыстың қытымыр мінезі сезілетін. Бірақ биыл күн ерекше жылы.

Бадам ағаштары әдеттегі мерзімінен 3 апта бұрын бүршік жарды. Тіпті жәндіктер тіріліп, аралар ұша бастаған. Жергілікті шенеуніктер: «Бүкіл әлем климаттың өзгеруін күтіп, оған қызу дайындық жасап жатқанда біздегі күн райы мүлде басқаша сипатқа ие болды», – дейді. Өңірде бадам ағаштары соңғы рет 1981 жылы мерзімінен ерте гүлдеген екен.