ДДСҰ: 2050 жылға қарай сүт безі обырынан көз жұматындар қатары 68% артады

2050 жылға қарай әлемде сүт безі обырынан қайтыс болатындар саны 68%-ке артады.

Әсіресе, дамушы елдерде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай дейді. Ұйым өкілдерінің болжамы бойынша 3,2 миллион әйел сүт безі обырына шалдығады. Соның 1,1 миллионы көз жұмады. 2022 жылы аталған онкологиялық ауру 2,3 миллион әйелден анықталған. Олардың 670 мыңы ажал құшты.