Нью-Йоркте су тасқынынан қорғайтын алып қабырға салынады

Нью-Йоркте халық тығыз қоныстанған жағалау аймақтарын тасқыннан қорғау үшін алып бөгет тұрғызылады, деп хабарлайды 24kz.

Биіктігі бес метр, ұзындығы 5,5 шақырым болатын нысанда 97 шлюз қарастырылған. Бәрін бір ғана батырмамен басқаруға болады. Жобаның жалпы құны шамамен 350 миллион доллар. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бастама 2012 жылы «Сэнди» дауылынан келген зардаптан соң қолға алынды. Сол кезде 182 адам опат болған еді. Табиғат апатынан 71 миллиард доллар шығын келген.