Илон Маск Канада азаматтығынан айырылуы мүмкін
Илон Маск Канада азаматтығынан айырылуы мүмкін. Осы мәселеге қатысты қазір елде петиция жиналып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
The Guardian басылымының хабарлауынша, бүгінге дейін 167 мың адам қолдауын білдіріп үлгерген. Петицияда атақты миллиардердің Канада мүдделеріне қайшы әрекет етіп жатқаны жазылған. Ел азаматтары Масктың президент Дональд Трампты қолдап жүргеніне қатты наразы. Ақ үй басшысы бұған дейін бірнеше мәрте үйеңкі жапырақты мемлекетті АҚШ-қа қосу туралы мәлімдеме жасаған еді. Сондай-ақ көрші елден импортталатын тауарларға қосымша баж салығын енгізді. Аталған петиция Қауымдар палатасында ресми қаралуы үшін кемі 50 мың адамның қол қоюы қажет.