Газа секторында 6 нәресте үсік шалып көз жұмды
Газа секторында кейінгі екі аптада 6 нәресте суықтан шетінеп кетті, деп хабарлайды 24kz.
Тағы бірнеше бала ауруханада хал үстінде жатыр. Бұған күннің күрт суытуы себеп. Аймақта қыс қаһарына мініп тұр. Аязды боран соғып, сынап бағанасы минус 10 градустан төмендеген. Қақаған суықта тұрғындар амалсыз мектеп ғимаратын паналап жүр. Ал онда жылу да, жарық та жоқ. Биыл қыста суыққа шыдамай 15 нәресте көз жұмған.
Ахмед әл-Фарах, аурухана меңгерушісі:
- Бүгін таңда тағы бір сәби суықтан шетінеп кетті. Бұл нәрестелердің ешқандай қосымша ауруы жоқ. Бірақ олар уақытша баспаналарға қоныстанған. Күннің суығынан ағзадағы жылу алмасу қызметі бұзылып, үсік шалып көз жұмған.