Суданда әскери ұшақ құлады

Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырады. Хартум провинциясында әуе базасынан көкке көтерілген әуе кемесі тұрғын үйлерге құлап, 46 адам опат болды. Тағы 10 азамат жарақат алған.
Көз жұмғандардың арасында жоғары лауазымды әскери тұлғалар бар. Қазір оқиға орнында құтқару және іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала дерекке сәйкес ұшақ апатына техникалық ақау себеп.