ДДСҰ: Газадағы балалар полиомиелитке қарсы вакцина алды
Газа секторында балалардың 92 пайызы полиомиелитке қарсы вакцина алды.
10 жасқа дейінгі 548 мың балаға екпе егілген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері хабарлады. Жақын арада тағы 43 мың баланы вакциналау көзделіп отыр. Жалпы, жеткіншектерді иммундау науқаны былтыр басталған. Оған анклавта 10 айлық сәбиден полиомиелиттің анықталуы себеп болды. Қазір ондағы ахуал тым күрделі. Сараптама үлгілері Газадағы ғимараттардың 90 пайызында полиомиелиттің барын көрсеткен. Ал дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдық пен тазалықтың жоқтығы жағдайды одан сайын ушықтырып тұр.
АҚШ
Рик Пеперкорн, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Палестинадағы өкілі:
"Газа секторында жүріп-тұруға қатысты шектеулер медициналық мекемелердің жұмысына қиындық туғызуда. Біздің ұйым аймақтағы негізгі ауруханаларға дер кезінде гуманитарлық көмек, соның ішінде дәрі-дәрмек жеткізу үшін барынша күш салуда."
Д. Трамп қалпына келген Газа секторының видеосын көрсетті
YOUTUBE.COM/10NEWSFIRST
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторы қалай қалпына келтірілетіні туралы бейнежазба жариялады. Олар толығымен жасанды интеллект арқылы жасалған. Видеода жергілікті тұрғындар туннельден шығып, пальма өскен жағажайлар мен зәулім ғимараттарға қарай бет алып бара жатқаны көрсетілген. Қала көшелерінде қымбат көліктер жүйткіп жүр, ал аспаннан доллар купюралары жауып жатыр. Бейнежазбада сондай-ақ АҚШ президентінің алтын мүсіні мен "Трамп Газа" деген жазуы бар ғимарат көрсетілген.