Техаста 120 адам қызылша жұқтырды
Техастың батысында қызылша жұқтырған науқастар саны 120-ға жетті. Екпе алмаған 1 жеткіншек аурудан көз жұмды.
АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметіне қарағанда соңғы рет қызылшадан болған өлім-жітім осыдан 10 жыл бұрын тіркелген. Олардың айтуынша, жұқпалы ауру тағы Нью-Мексико штатында өршіп тұр. Дерті дендегендердің көбі – бала. Жергілікті билік аурудың алдын алу үшін аймақтарда вакцинация орталықтарын құрып жатыр. Сондай-ақ 1 жастан асқан балаларға екпе салдыруды міндеттеді.