Рим папасының денсаулығы күрт нашарлады

Рим папасының денсаулығы күрт нашарлады. Понтификтің кеңсірік тарамдары жиырылып, тынысы тарылған. Шұғыл көмек беру үшін оның өкпесін жасанды желдету құралына қосты. Ватикандағы «Киелі тақтың» баспасөз қызметі Папа Францискінің хал-ахуалын дәл бағалау үшін 2 күндей уақыт керек деген. Католик дінбасының жасы 88-де. Ол 1 айдан бері бронхитпен ауырып жатыр.