Оңтүстік Кореяда Абайдың 180 жылдығына арналған флешмоб өтті

Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық фестивалге қатысты. Өнерпаздар елге қайтар жолда Ұлы Абайдың Сеулдегі ескерткішіне жиналып,  флешмоб өткізді. Хор ұжымы ақынның 180 жылдығына орай «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.