Газа секторына кіретін гуманитарлық көмек тоқтады

Газа секторына кіретін барлық гуманитарлық көмек тоқтады. Оған Израиль шектеу қойған. Израильдің бұл әрекетің Мысыр билігі қасақана жасаған аштықпен тең деп айыптады.

Бұған қатысты Премьер-министр Биньямин Нетаньяху пікір білдірді. Оның айтуы бойынша, аймаққа кіргізілген жүкті ХАМАС содырлары талан-таражға салған. Ал ХАМАС тағылған айыпты мойындамады. Керісінше, арадағы бейбіт келісімнің бірінші кезеңі аяқтала салысымен, Израиль осындай әрекетке барды деп айыптады. Қазір секторға кіретін барлық өткізу-пунктеріндегі жүк көліктері кері қайтып жатыр.