Владимир Зеленский мен III Чарльз Ұлыбританияда кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания королі III Чарльзбен Норфолкта кездесті.

Скай Ньюз арнасының хабарлауы бойынша, саясаткерлер бір-бірімен бейресми жолыққан. Осыған дейін Ұлыбритания Украинаға 3,2 миллиард доллар көлемінде несие беретіні туралы белгілі болған еді. Бұл қаражат қорғаныс материалдарын сатып алуға жұмсалады. Тиісті келісімге Украинаның Қаржы министрі мен Ұлыбританияның Қазынашылық канцлері онлайн-режимде қол қойды. Айта кетейік, Лондон бөлген қаражат – G7 елдерінің Украинаға қолдауға арналған 50 миллиард долларлық шұғыл несиелеу бағдарламасының бір бөлігі.