Еуроодақтан бір млн адам баспана сұраған

Былтыр Еуроодақ елдерінен баспана сұрағандар саны 2023-жылмен салыстырғанда 11 пайызға азайған.

Бірақ соның өзінде осымен екінші жыл қатарынан бір миллиондық межеден төмен түсер емес. Мигранттардың жиі көз тігетін елі – Германия. Сосын Испания, Италия, Франция мен Грекияға барғысы келетіндер де аз емес. Ең көп сауал Сирия, Ауғанстан мен Венесуэла азаматтарынан түседі. Мигранттардың отанынан кетуіне әскери жанжалдар, саяси тұрақсыздық пен экономикалық қиындықтар себеп.