Қытайда 280 млн адам семіздікке шалдыққан
Қытайда 600 млн-ға жуық адам артық салмақтың азабын тартып жүр. Оның ішінде 280 миллиондайы кәдімгі семіздікке душар болған.
Соның салдарынан жылына жүздеген мың адам көз жұмады. Мәселен, 2019 жылы 760 мың науқас семіздікпен байланысты аурудан қайтыс болған. Көбісі жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар.
Бұл елде әйелдерге қарағанда семіз еркектер көп. Бұл дерт әсіресе 35 пен 39 жас аралығындағы азаматтарға тән. Кейінгі жылдары балалар арасында да семіздер көбейген. Мамандар 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш 18 пайызға артады деген болжайды. Осы артық салмақтың кесірінен 118 миллион тұрғын қант диабеті дертіне душар болған. Бұған фастфуд, газдалған сусын сияқты зиянды азық-түлікті шамадан тыс тұтыну, стресс пен өмір сүру салтының бұзылуы себеп.