Британиялық әнші Элтон Джонның көлігі бәссаудаға қойылды
Әлемге әйгілі британиялық әнші Элтон Джонның жасыл көлігі бәссаудаға қойылды.
Бағасы - 35 мың доллар. Музыкант оны 30 жыл бұрын сатып алған. Көлік жақсы сақталған. Әнші онымен 20 мың шақырым жол жүрген. Магнитофоны, стерео жүйесі, қашықтан басқару пульті және тіпті Motorola телефоны да бар. Бұлар 90-жылдардың ең озық технологиялары болатын.