Дания поштасы хат жеткізуді тоқтатады

Данияның мемлекеттік пошта қызметі жыл аяғына дейін хат жеткізуді тоқтатады.

Осыған байланысты компания 1500 қызметкерін жұмыстан шығарып, барлық пошта жәшіктерін бұзады. BBC-дің хабарлауынша, елде хат жіберу көрсеткіші 90%-ке азайған. Яғни тиісінше пошта қызметі өзін ақтаудан қалып барады. Енді оператор тек сәлемдеме жеткізумен айналысады. Данияда цифрлық технологиялар өте жоғары деңгейде дамыған. Елде қолма-қол ақша ұстайтындар да аз. Банк операциялары мен медициналық карталар көбіне онлайн рәсімделеді.