Австралияда алғаш рет науқасқа жасанды жүрек орнатылды

Австралиялық дәрігерлер әлемде алғаш болып науқасқа жасанды жүрек орнатты.

Бұл туралы «Рейтер»агенттігі хабарлады. Жасанды ағзаны сол елдің ғалымы, Дэниел Тиммс ойлап тапқан. Айтуынша, бұл адам жүрегін толық алмастыра алатын әлемдегі тұңғыш құрылғы. Күрделі операция өткен жылдың қарашасында Сиднейдегі Сент-Винсент ауруханасында жасалды. Ол алты сағатқа созылған. Жақында емделуші үйіне шығарылды. Енді мамандар жасанды құрылғыны әрі қарай ағза алмастыру саласында тұрақты түрде қолдануды жоспарлап отыр.