Йемендегі АҚШ шабуылдарынан қаза тапқандар саны 53 адамға жетті

АҚШ-тың Йемендегі әуе шабуылдарынан құрбан болғандар саны 53 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды 24kz.

Қаза тапқандар арасында 5 бала мен 2 әйел бар. Ел астанасы Сана мен бірнеше провинция атқыланды. Йеменде әскери операция бастауға АҚШ президенті 15 наурызда ресми түрде пәрмен берген. Мақсаты хуситтердің Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуылын тоқтату. АҚШ Конгресінің мәліметі бойынша хуситтер палестиналық ХАМАС тобын қолдау мақсатында 1 жылда 190 шабуыл жасаған. Олар жақында Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтатқан. Израильдің кемелеріне жаңа соққылар беруге дайын екенін ескертті. Хуситтердің көсемі, сондай-ақ, Қызыл және Араб теңіздеріндегі америкалық кемелерді де нысанаға алатынын айтты.