Д. Трамп Білім министрлігін тарату туралы жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Білім министрлігін тарату туралы жарлыққа қол қойды. Рәсім оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен Ақ үйде өткен. Бұл құжат бойынша білім саласын басқару штаттар мен жергілікті кеңестің құзырына, сондай-ақ білім бағдарламаларының біраз бөлігі басқа агенттіктерге берілмек.
Аталған реформа ақшаны үнемдеп, оқушылардың нәтижесін жақсартады деген үміт бар. Білім министрлігін тарату – Трамптың сайлауалды уәдесінің бірі. Оның ойынша, министрлік жұмыс істеген 45 жылда білім берудің сапалы үлгісін көрсете алмаған. Мекемені толығымен жою үшін Конгрестің мақұлдауы қажет.