АҚШ-тың Колорадо штатында мұғалімдер бас көтерді

АҚШ-тың Колорадо штатында мұғалімдер бас көтерді. «Рейтердің» хабарлауынша, шеруге 3 мыңға жуық ұстаз қатысқан.

Олар жергілікті Капитолий ғимаратының жанына жиналды. Наразылық шарасына білім беру саласына бөлінетін қаржыны қысқарту жоспары себеп. Қазір бұл мәселе штат губернаторының қарауында жатыр. Колорадо мектептерінің қауымдастығының белсенділері: «Аталған шешім педагогтардың қаржылық жағдайына ғана емес, сондай-ақ оқушылардың білім сапасына да әсер етеді», – дейді.