NYT: Трамптың саясаты туризмге кері әсер етіп отыр

Дональд Трамптың көші-қон саясатын қатаңдатуы туризмге кері әсер етіп жатыр. Өйткені визаға қатысты талаптар күшейген.

The New York Times басылымының хабарлауынша, кейінгі уақытта шетелдіктер Америкаға саяхаттаудан жиі бас тарта бастаған. Tourism Economics аналитикалық компаниясының есептеуінше, биыл АҚШ-қа ағылған саяхатшылар саны 5%-ке азайып, бұл экономикаға 18 миллиард доллар шығын әкелуі мүмкін. Көші-қон ережелерінен бөлек, туризмге Дональд Трамптың сауда соғысы да кері әсер еткен. Мысалы, өткен айда көрші Канададан келушілер саны 24%-ке кеміген.