Туристер 110 жылғы пойызбен қатынап жүр
110 жылғы пойыз кәдеге жарап тұр. Көне көлікке жүзге жуық жолаушы сыяды. Бұл пойызбен қазір туристер қатынап жүр. Олар Алишан таулы аймағын аралап, сакура көмкерген әсем табиғатты тамашалайды.
Шие ағашы Тайваньда енді гүлдей бастады. Сакураны жапондар Қытайды отарлаған кезде еккен екен. Туристердің көне пойызбен сапарлауы 6 сағатқа созылады. Бұл отарба осымен сегізінші рет жолға шыққан.
Лю Сянмин, саяхатшы:
- Бұл теміржолдың біраз бөлігі алдыңғы жылдары болған жер сілкінісі мен тайфундар салдарынан қираған болатын. Былтыр бәрі қалпына келтірілді. Өзім аты аңызға айналған пойызға алғаш рет отырдым. ХХІ ғасырда ежелгі отарбамен жүру керемет әсер сыйлайды.