Tesla компаниясына шабуылдар жиілеп кетті

Бүкіл әлемде америкалық Tesla компаниясына шабуыл жиілеп кетті, деп хабарлайды 24kz.

Германияда экобелсенділер автоөндіруші дүкеннің сыртына бояу жағып тастаған. Канадада да ұқсас акция өтті. Ал Италия астанасында бір түнде Tesla салонындағы 17 көлік өртеніп кеткен.

Оттың нақты неден тұтанғаны белгісіз. АҚШ-та да кейінгі кезде мұндай оқиғалар көптеп тіркеліп жатыр. Сарапшылар бұл жағдайға компания басшысы Илон Маск беделінінің төмендеуі әсер еткенін айтады. Ол АҚШ-тың үкімет тиімділігі департаментіне басшылық еткелі мемлекеттік қызметкерлер арасында жаппай қысқартулар жүргізді. «Содан қазір Tesla өнімдеріне сұраныс күрт төмендеп кеткен», - дейді.