Илон Маск қайтадан әлемдегі ең бай адам атанды

Forbes журналының нұсқасы бойынша Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск қайтадан әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 342 миллиард доллардан асқан.

Маск бұл рейтингте 2022 жылы да көш бастаған еді. Ең дәулеттілердің тізімінде екінші орынға Meta басшысы Марк Цукерберг жайғасты. Ол 216 миллиард доллар жинапты. Үздік үштікті тағы бір америкалық Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос түйіндейді. Оның 215 миллиард доллар байлығы бар. Былтырғы Forbes тізімін француз бизнесмені, LOUIS VUITTON сән үйінің қожайыны Бернар Арно бастаған болатын. Биыл ол бесінші орынға түсіп қалған.