Жер сілкінісінен кейін саяхатшылар Таиландқа жолдамаларынан бас тартып жатыр
Таиландта жер сілкінісінен кейін демалушылар жолдамаларынан бас тарта бастады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, кейінгі бірнеше күнде мыңнан аса адам осындай ниет танытқан.
Сарапшылар алдағы екі аптада мұнда шетелдік саяхатшылар саны 10-15%-ке азайтынын болжайды. Өйткені көбі жерасты дүмпулерінің қайталануынан қорқады.
Естеріңізде болса, 28 наурызда мұнда жер сілкінген еді. Салдарынан ел астанасы Бангкокта салынып жатқан 30 қабаттық ғимарат опырылып құлаған. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 21 адам көз жұмды. Негізі зілзала ошағы көрші Мяьнмада тіркелген. Мұнда құрбандар саны 2700-ден асады.