АҚШ сенаторы ең ұзақ сөз сөйлеуден рекорд орнатты
Демократ Кори Букер АҚШ Сенатының тарихында ең ұзақ сөз сөйлеп, рекорд орнатты, деп хабарлайды 24kz.
Ол әріптестерінің алдында 25 сағат сөйлеген. Демократ әңгімесін кешкі 19:00-де бастап, ертеңінде кешкі 20:00-де бір-ақ аяқтаған. Букер көбіне Трамп әкімшілігінің іс-әрекеттерін айыптады. Ол федералдық бюджет шығындарын қысқарту бағдарламасын, білім министрлігін тарату және мигранттарды қуу бастамаларын сынға алған. Бұған дейінгі рекорд сенатор-демократ Стром Термондқа тиесілі болатын. Ол 1957 жылы 24 сағат 18 минут сөйлеген.