МАГАТЭ директоры өзін БҰҰ Бас хатшылығына ұсынбақ
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси өзін Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшылығына ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.
Ол бұл ойын аргентинкалық La Nacion басылымына берген сұхбатында айтқан. Қазіргі бас хатшы Антониу Гутерриштің мерзімі 2026 жылы аяқталады. Оның орнына үміткерлерді іріктеу әлі басталған жоқ. Рафаэль Гросси бұған дейін Аргентинаның Австриядағы елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілі болған. МАГАТЭ-нің бас директоры қызметін 2019 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.