Қытайда ұшатын таксиді қолдануға рұқсат етілді

Енді оны жергілікті екі компания коммерциялық тасымалдар үшін пайдалана алады, деп хабарлайды 24kz.

Құзырлы органдар екеуіне лицензия берген. Кейінгі жылдары шығыстағы көршіміз аэромобиль мен дрондар саласын дамытуға ден қойып отыр. Ол биотехнология, жасанды интеллект және 6G байланысымен қатар экономиканың маңызды бағытының бірі деп танылған.