ДДСҰ қаржы тапшылығына ұшырады

24kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына шамамен 2 миллиард доллар жетпейді.

Бұған АҚШ-тың ұйымнан шығуы себеп. Америка мекеме бюджетінің бестен бірін қамтамасыз етіп, оның ірі доноры болатын. 

Бірақ Дональд Трамп өзге елдердің ерікті жарнаға аз ақша бөліп отырғанына қапалы. Ақ үй басшысы мұны әділетсіз санап, қызметіне кірісе салысымен халықаралық бірлестіктен шығу туралы жарлыққа қол қойған еді. Осыдан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үнемдеу мақсатында жаңа қызметкерлерді жұмысқа алуды тоқтатып, шетелге сапарларын азайтты.