АҚШ Түркияға 10% кедендік баж салығын енгізді. LIVE
Қосымша баж салығы енгізілген 185 елдің ішінде туыстас Түркия да бар. Басқа елдермен салыстырғанда көп емес – 10%. Дегенмен бүгінге дейін бұл төлем болмаған.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Иә, Түрік сала мамандары: «Сауда соғысы» басталды», – деп таласа жазып жатыр. Трамп баж салығын енгізетіні белгілі еді. Дегенмен сарапшылар мұны қандай әдіспен есептелгеніне аң-таң. Түркия экономика және сыртқы сауда зерттеу орталығы басшысы Синан Үлгеннің сөзінше, Трамп тарифі есебі дүкендегі саудаға ұқсас, экономикалық тұрғыдан әдіс те, стратегиялық даналық жоқ. Жалпы АҚШ президенті Дональд Трамптың жариялаған жаңа баж салығы Түркия мен АҚШ арасындағы саудаға айтарлықтай әсер етуі ықтимал. 2024 жылы Түркия АҚШ-қа 15,3 миллиард долларлық экспорт жасаған. Оның ішінде текстиль, автомобиль бөлшектері және болат секілді салалар алдыңғы қатарда тұр. Трамптың мәлімдемесіне сәйкес Түркиядан АҚШ-қа экспортталатын тауарларға 10% мөлшерінде жаңа кеден баж салығы енгізілетін болды. Бұл тариф 3 сәуір 2025 жылдан бастап барлық түрік тауарларына қатысты күшіне енеді. Сонымен қатар жалпы импортқа енгізілген 10% қосымша салық та Түркиядан АҚШ-қа экспортталатын өнімдерге әсер етіп, кейбір өнімдерде салықтың жалпы мөлшері 20%-ке дейін көтерілуі мүмкін.
Әрине, Түрік тауарларына енгізілген баж салығы өзге елдермен салыстырған төмен. Дегенмен бұрынғы саудаға қарағанда артық шығын. Түркия осы жаңа баж салығының нәтижесінде ұлттық экономикасына келетін зиянды азайту үшін түрлі шаралар қабылдауы ықтимал. Елдің ресми тұлғалары, әсіресе экспорттаушылардың бұл өзгерістен теріс әсерін азайту мақсатында дипломатиялық әрекеттер кірісуі әбден ықтимал. Түркияның АҚШ-қа қарсы қандай да бір жауап немесе өзге де экономикалық қарсы шаралар қабылдауы мүмкіндігі де көптеген сарапшының назарында.
Ресми Анкара жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Қазір Түркияда Ораза айтқа байланысты 9 күндік демалыс.