Лондонда жаттығу залын алмастыра алатын «ақылды айна» көрсетілді

Лондондағы технологиялар көрмесінде «ақылды айналар» көпшілікке көрсетілді. Өнертапқыштар ол спорттық залдағы жатықтырушы мен құрылғыларды алмастыратынын айтады.

Айна бетінде интерактивті дисплей орнатылған. Онда танымал споршы бейнесінде виртуалды жаттықтырушы пайда болып, тапсырмалар береді. Ал жасанды интеллект адамның қозғалысын бақылап, алынған деректерді шынайы уақыт тәртібінде саралайды. Артынша өз ұсынымдарын береді. Өнертапқыштар бұл арқылы спортзалға барып шығынданбауға болатынын айтады. Бұдан бөлек, өлшемі үлкен жабдықпен салыстырғанда «ақылды айнаның» үйде көп орын алмайтыны тағы анық.