Мьянмада жер сілкінісі құрбандарының саны артты

Мьянмада зілзала құрбандарының саны артып, 3455-ке жетті. 5 мыңға жуық тұрғын жараланған.

Тағы 200-ден астам адам із-түссіз жоғалып, әлі күнге дейін таптырмай отыр. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Кейбір  аудандарда қирандыларды техникамен аршу мүмкін емес, оларға қолдың күші жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, Мьянмада 28 наурызда жойқын жер сілкінісі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы 3 милионнан астам тұрғын баспанасыз қалғанын хабарлады. Жерасты дүмпулері Үндістан, Қытай, Таиланд пен Вьетнамда сезілген.