Кореяда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президент сайлауы биыл 3 маусымда өтеді.

Бұған елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің қызметінен шеттетілуі себеп. Былтыр желтоқсанда мемлекет басшысы елде бірнеше сағатқа әскери жағдай енгізіп, бұл әрекеті бүлікке теңелген еді. 4 сәуірде конституциялық сот істі қарай келе Юн Сок Ёльге осы шешімі үшін импичмент жариялады. Жергілікті заңға сәйкес, енді 2 ай ішінде сайлау өтуі керек. Сарапшылар алдағы додада оппозиция жетекшісі Ли Чжэ Мённің жеңіске жетуге мүмкіндігі мол дейді. Ол 3 жыл бұрынғы сайлауда Юн Сок Ёльден 1 пайызға аз дауыс жинап, жеңіліп қалған.