Brent мұнайы арзандады
Дональд Трамптың тариф саясаты мұнай нарығын да теңселтті.
Мәселен, "Брент" маркалы қара алтынның бір баррелі 63 доллар 54 центке дейін арзандады. Соңғы рет мұндай жағдай 2021-ші жылы тіркелген. Энергетикалық шикізат құнының арзандауына АҚШ-тың 185 елге баж салығын енгізуі түрткі болды. Бұдан бөлек Сауд Арабиясы Азия елдері үшін мұнай бағасын арзандатуға ниетті. Ал ОПЕК елдері оны өндіруді ұлғайтуға келісті. Дегенмен инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қауіптеніп отыр. Өйткені оның салдарынан жаһандық экономикалық өсім баяулап, мұнайға сұраныс азаюы мүмкін. Осы ретте әлемдегі ең ірі банктердің бірі "Голдман Сакс" қара алтын" бағасына қатысты болжамды өзгертті. Мамандар биыл мұнайдың орташа құны барреліне 58 доллар болады деп топшылайды.