Жапония БАЖ салығы бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізеді

Жапония баж салығы бойынша АҚШ-пен келіссөз бастамақ. Бұл үшін арнайы делегациясын Вашингтонға жіберген. Мұны Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.

Америка президенті Жапония басшысы Сигэру Исабамен телефон арқылы сөйлескен. Дональд Трамптың айтуынша, Құрама Штаттар Жапония көлігін миллиондап сатып алады. Ал, Америка үшін Жапонияның бұл нарығы жабық. АҚШ президенті "бұдан былай мұндай жүгенсіздікке жол берілмейді" - дейді. Осыған дейін Ақ үйге қарасты Ұлттық экономикалық кеңес директоры Кевин ХАссетт  «50-ден аса мемлекет сауда келіссөзін жүргізу туралы ұсыныс жібергенін» мәлімдеген еді. Бірақ, ол нақты қай елдер екенін ашып айтқан жоқ.