Үш мемлекет Газадағы атысты тоқтатуға шақырды
Жуырда ғана Египет, Франция, Иордания басшылары Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды 24kz.
Үш мемлекет басшысы Каирде өткен саммит барысында бірлескен мәлімдеме жасады. Франция президенті Эмманнюэль Макрон, Мысыр басшысы Абдул Фаттах Ас-Сиси және Иордания королі Абдалла II мәселені реттеуге халықаралық қауымдастықты араласуға үндеді. Тараптар сондай-ақ қараша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен гуманитарлық көмек жеткізуді реттеу қажеттілігін атап өтті.