Әбу Дабиде гауһар тастар көрмесі өтті

Әбу Дабиде бірегей гауһар тас топтамасының көрмесі өтті. Жұрт назарына жалпы құны 100 миллион доллар болатын асыл тастар ұсынылды.

Іс-шараны әлемге әйгілі Sotheby’s аукцион үйі ұйымдастырды. Оның басты экспонаты «Жерорталық көк тас» деп аталады. Табиғатта сирек кездесетін гауһартастың салмағы 10 карат. Ол келесі айда Женевада бәссаудаға шығарылады. Бастапқы құны 20 млн доллар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмені Әбу Дабиде өткізудің өзіндік себебі бар. Мегаполисте қымбат асыл тастарға деген сұраныс өте жоғары.